Балқаштағы төрт адамның өліміне қатысты істің жаңа деректері анықталуда - Оқиға|15 Қаңтар 2013, 10:26
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Балқаштағы төрт адамның өліміне қатысты істің жаңа деректері анықталуда

БАЛҚАШ. 15 қаңтар. BAQ.kz – Қарағанды облысының ішкі істер департаменті мен Балқаш қалалық ІІБ «Балқаш балық» ЖШС-ның 4 қызметкерінің өліміне қатысты екі күдіктіге іздеу салуда. Қаза болғандардың мүрдесі кеше Балқаш көлінің жағасынан өртенген УАЗ автокөлігінен табылды.

Бастапқыда ақпарат құралдары қаза болғандардың бірі «Балқаш балық» ЖШС директоры деп хабарлаған болатын. Соңғы ақпараттарға қарағанда кәсіпорын басшысы ондай жаманаттан аман көрінеді.
«Фирма қызметкерлерін үш адам жазым етті деген күдік бар. Күдіктілердің бірі Юрий Крылов өзін өзі атып тастады. Біз қылмыстық іске қатысты сұрақтар қоймақ болып, аңшылар үйіне келгенімізде ол мылтықпен жүрегіне оқ атты», - деп хабарлайды жедел тергеу тобының мүшесі.
Дереккөзі қаза болды делінген кәсіпорын басшысының тірі екенін, байланысқа шыққанын айтады. Кейінгі ақпаратарға қарағанда қаза болғандар «Балқаш балық» жұмысшылары Қайрат Байдәулетов, Әділет Байдәулетов, Асхат Мырзатаев және фирма заңгері, «Балқаш балық» ЖШС басшысының әйелі Әлима Құспаева.
«Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің құқық қорғау органдарына сілтеме жасай отырып хабарлауынша, 9 қаңтар күні фирма жұмысшылары мен заңгер Әлима Құспаева көлдің фирмаға тиесілі аумағын аралап көруге шыққан. Алдын ала жасалған болжам бойынша олар мен жергілікті кәсіпкер Юрий Крылов арасында жанжал туындаған. Жанжалдың соңы қайғылы оқиғамен аяқталып отыр. Қылмысқа қатысы бар делінген күдіктілер әлі ұсталмағандықтан, бұл тек алдын ала болжам.
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер