«Балқаш балық фирмасы» ЖШС директоры жұбайымен бірге УАЗ көлігінде өртеніп өлді - Оқиға|14 Қаңтар 2013, 17:29
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

«Балқаш балық фирмасы» ЖШС директоры жұбайымен бірге УАЗ көлігінде өртеніп өлді

Астана. 14 қаңтар. BAQ.KZ. Қарағанды облысы, Балқаш қаласында өртеніп кеткен УАЗ автокөлігінен «Балқаш балық фирмасы» ЖШС директоры мен оның жұбайының өлі денесі табылды.  

Қалалық прокаратура агенттігінің хабарлауынша, УАЗ автокөлігі қала төңірегінен табылған. Өлгендердің денесін анықтай келе, өртеніп өлгендердің екеуі «Балқаш балық фирмасы» ЖШС директоры мен оның жұбайы, сондай-ақ, бір балықшы баласымен болғанын анықтады. Оларды әзірге нақты кім екендігін анықтау мүмкін емес, өлген адамның денесін ажырату үшін біраз уақыт керек деп отыр.
Сондай-ақ, прокуратураның хабарлауынша, олардың үстінен 96 бап бойынша (кісі өлтіру) қылмыстың іс қозғап жатыр. Олардың пікірінше, біреулер отты қасақана қойған. Өрт көліктің қақпағынан бастау алған дейді. Сондай-ақ, оның айналасынан жанармай тамшыларын тапқан.
Қазір сарапшылар, оларды өртемес бұрын пышақ сұқты ма, тұншықтырды ма дегенді анықтап жатыр. Сондай-ақ, кәсіпорын басшысына кім қастандық ойлауы мүмкін деген сұрақтың да жауабын іздестіріп жатыр.
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер