Атыраудағы жарылыста қаза болған жігіт жарылғыш құрылғы жасап отырып, мүлт кеткен - Оқиға|06 Қыркүйек 2012, 18:03
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Атыраудағы жарылыста қаза болған жігіт жарылғыш құрылғы жасап отырып, мүлт кеткен

АТЫРАУ. 6 қыркүйек. BAQ.KZ - Атыраудағы жарылыста құрбан болған адам жарылғыш зат жасамақшы болған. Бұл туралы куәгерлердің бірінің мәлімдемесіне сүйеніп, ҚазАқпарат хабарлады.


Жарылыстың болғаны туралы полицияға хабарлаған адам жарылғыш құрылғының қаза табушының қолында іске қосылғаны туралы айтқан. Күшті жарылыс 21 жасар жігіттің қос қолын жұлып әкеткен. Ал, оның маңайында жарылғыш заттың қалдықтары, жаралағыш заттар, шеге шашылып жатқан.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Атыраудағы Әлия Молдағұлова көшесіндегі 94-ші үйде жаралыс болды. Оқиға орнын тексеру кезінде ол жерден ер адамның мәйіті табылды. Ол адамның 1991 жылы туған Атырау тұрғыны Нұрлыбек Сақауов екені анықталғанын хабарлады облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі. Көршілерінің айтуынша, жігіттің артында кішкентай баласы мен әйелі қалған.

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер