Атырауда мола тонаушылар қолға түсті - Оқиға|09 Қыркүйек 2018, 16:16
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Атырауда мола тонаушылар қолға түсті

Фото: pamyatnik.kz

Атырауда вандалда соңғы аптаның өзінде оннан аса бейіттің темір, шойыннан жасалған шарбақтарын ұрлап кеткен. Марқұмдардың туыстары ішкі істер органдарына арыз жазып, полиция қызметкерлері бұзақыларды іздеуге кіріскен, деп хабарлайды Baqkz ақпарат агенттігі 24kz сайтына сілтеме жасап.

Жалпы полицияға шағым жазған он отбасы мүшелері ғана. Бейіт басына көптен бармаған қалған көпшілік бұл бейбастық жағдайдан хабарсыз болуы да мүмкін. Ұрылар, әсіресе, тамыз айында қылмыстарын үдете түскен.

«Менің ағамның бейітінің қоршауын түгел сындырып алыпты. Бағаналары ғана қалған. Ал қасындағы бейіттің шарбақтарының тек жартысын ғана алып үлгеріпті. Мүмкін қалғанына келер деп аңдып та көрдім, бірақ қолға түсіре алмадым. Бұл енді барып тұрған азғындық. Әруақтардың алдында тірілер ұятқа қалдық», - дейді Атырау қаласының тұрғыны Александр Насенков.

Қазір 7 дерек бойынша кінәларын мойындаған алғашқы топтың мүшелері құрықталды. Заңсыз темір қабылдау орындарының бірінен 75 дана шойын шарбақ тәркіленді.

«Бұл аудандағы учаскелік инспектор қырағылықты күшейтті. Бейіт әкімшілігімен бірігіп жұмыс істейтін болады. Ең алдымен бейіт ішінде бейсауат жүрген адамдар жауапқа алынады», - дейді облыстық ІІД Баспасөз қызметінің жетекшісі Назымгүл Қайсағалиева.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер