BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Атырауда бойжеткен лифт шахтасына құлап кетті

Астана, BAQ.KZ. Атырауда 22 жастағы бойжеткен лифт шахтасына құлап кетті, облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Бүгін, таңғы сағат 6.05-те Авангард шағын ауданындағы 9 қабатты тұрғын үйлердің бірінде төтенше жағдай болғаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына құтқарушылар бригадасы барды. 1996 жылғы қыздың лифт шахтасына құлап кеткені анықталды. Құтқарушылар бойжеткенді шығарып алды. Ол облыстық аурухананың травматология бөліміне жеткізілді», - деп хабарлады Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Жанар Қаржаубаева.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер