Атырауда мешіт маңында жарылыс болды - Оқиға|05 Қыркүйек 2012, 16:57
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Атырауда мешіт маңында жарылыс болды

АСТАНА. 5 қыркүйек. BAQ.KZ – Атырау қаласындағы Құспан молла мешітінің маңында белгісіз зат жарылды. Бұл жайында ҚазТАГ хабарлап отыр. «Бүгін сағат 12.30 шамасында Атырау қаласындағы ескі Құспан молла мешітінің маңында белгісіз зат жарылды. Бұл бұрынғы Самарқан көшесінде» дейді ақпарат көзі.
 

Жарияланған ақпаратқа сүйенсек, жарылыс екі жер үйдің жанында болған. Ал, бұл баспаналарды діндар адамдар жалға алып тұрып жатқан екен. Сонымен қатар, сол маңайда дөңгелек желімдейтін шеберхана мен шаштараз бар. Жапа шеккендер жайында ешқандай ақпарат жоқ. Оқиға орнын құқық қорғаушылар қоршауға алған.


Ал, «Ақ жайық» газетінің жазуынша, жергілікті төтенше жағдайлар қызметіне аталған аймақта өз-өзін жару фактісі орын алғандығын хабарлаған. «Ресми өкілдер әзірге ешқандай ақпарат таратпай отыр. Бізге белгілісі төтенше жағдайлар қызметіне біреулер хабарласып, аталған жерде өзін-өзі жару оқиғасының орын алғандығын хабарлаған» делінеді осы басылымда.


Газет тілшілерінің мәліметінше, жарылыс Молдағұлова мен Баутин көшелерінің қиылысында болған. Оқиға орнына өрт сөндірушілер, дәрігерлер және арнайы жасақ сарбаздары келген.
Ал, көршілер жарылыстың жалға берілетін үйлердің бірінің бөлмесінде болғандығын айтып отыр. «Сол маңайда тұратын тұрғындар жарылыстың осы аулада орналасқан екі үйдің бірінен шыққандығын айтты» делінеді хабарламада.
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер