Атырауда ішкі істер басқармасы ғимаратына шабуыл жасалды - Оқиға|15 Қыркүйек 2012, 13:35
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Атырауда ішкі істер басқармасы ғимаратына шабуыл жасалды

АТЫРАУ. 15 қыркүйек. BAQ.kz - Қалалық ішкі істер бөлімінің ғимаратына жарылғыш зат қойылып, кем дегенде бір жарылыс болған Атырауда түн ауа атыстар естілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық ішкі істер бөлімінің ғимаратына жарылғыш затты лақтырып кетті деген алғашқы болжам расталмады. Оқиға куәсі болғандардың сөзіне қарағанда, жарылыс қалалық полиция бөлімі ауласының ішкі жағында екі рет болды.  

Ғимарат қоршауға алынды. Полиция бөлімшесіне күш құрылымдарының басшылары, ТЖ қызметкерлері, өрт сөндірушілер, жедел-жәрдем, сондай-ақ Атырау қаласының әкімі жетті.

Полицейлер көлікті ұстаған Махамбет атындағы орталық алаңнын бөлігі де қоршауға алынды. Өткен түнде шеткері орналасқан «Атырау» шағынауданында атулар естілді.

Жедел-жәрдем ауруханасында жарақат алғандар бар екендігін растады. Бірақ нақты қанша адам зардап шеккендігін айтудан бас тартты.  

Болған оқиғаға байланысты ресми мәліметтер әзірге жасалған жоқ.

Қазір қала аумағында посттар қойылып, "Тосқауыл" жоспары жарияланды. 

 Атырау қалалық Ішкі істер басқармасының ғимараты қала орталығында Әлия Молдағұлова атындағы көше мен Қаныш Сәтпаев даңғылының қиылысында орналасқан. Оған көршілес ҰҚКД, облыстық және қалалық прокуратура ғимараттары бар.

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер