Атырау полиция басқармасындағы атыста жараланғандардың жағдайы бірқалыпты - Оқиға|15 Қыркүйек 2012, 18:57
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Атырау полиция басқармасындағы атыста жараланғандардың жағдайы бірқалыпты

Астана.15қыркүйек. BAQ.kz - 15 қыркүйек күні сағат 00:10-да белгісіз екі адам Атырау қаласының Ішкі істер басқармасына кірмек болған. Олар жанғыш қоспасы бар бөтелкені бақылау-өткізу бекетіне қарай лақтырып, әскери қызметшілерге оқ атқан. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

 «14 қыркүйек күні сағат 23:52-де Атырау қаласындағы Исатай-Махамбет алаңында қалалық Ішкі істер басқармасының қызметкеріне белгісіз екі адам оқ атып, аяғынан жарақаттады. Полиция қызметкері табельдік қару қолданғаннан кейін, олар оқиға орнынан бой тасалады. 5546 әскери бөлімінің бір әскери қызметшісі бытыралы оқ жарақатын алды», - делінген хабарламада.

Зардап шеккен қызметкерлер қазіргі уақытта ауруханада, олардың жағдайлары қанағаттанарлық. Қаза тапқандар жоқ.

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер