BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Астаналықтар шетелдікке тұрмысқа шығатын қазақ қыздарын азаматтығынан айыруды талап етті

Фото: скрин

Елордада бірнеше белсенді Қытайдан келетін күйеу балалар мен қазақ қыздарының некеге тұруына қарсылық білдіріп, митинг өткізді. Бұл туралы Kazday.kz сайтына сілтеме жасап BAQ.kz тілшісі хабарлайды.

Митинг Астанадағы Республика даңғылының бойындағы Татьяна Логвиненко басқаратын Қытай азаматтарымен танысуға ұсыныс жасайтын неке агенттігінің жанында өтті. Оған 30 адам қатысты.

Дегенмен барлығын бақылап тұрған полиция қызметкерлері белсенділердің ісіне киліккен жоқ.

Митингке қатысушылар Қытай жігіттеріне тұрмысқа шығуға қарсы емес, қайта агенттікке келіп ұсыныс білдірген қазақ қыздарын азаматтығынан айыру керек деп отыр.

Олар қолдарына «Ер – жерді, ал әйел ұлтты қорғайды» деген жазуы бар плакаттар ұстап шыққан. Сондай-ақ қытайлық жігіттерге Қазақстаннан алған әрбір қалыңдығы үшін 50 000 доллар көлемінде салық салуды талап етті.

Бұдан бөлек, танысуды ұйымдастырып жүрген неке агенттіктерін де жабу керектігін ашына жеткізді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер