Астаналық журналист кісі қолынан қаза тапты - Оқиға|25 Қыркүйек 2018, 16:23
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Астаналық журналист кісі қолынан қаза тапты

Фото: Елена Нефедова Facebook парақшасынан

Бұл туралы «Караван» газетінің қызметкері Елена Нефедова Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Вaq.kz тілшісі.

«Кеше Астанада өз үйінің кіреберісінде журналист Ирина Бекетованы өлтіріп кетті. Ирина 10 жыл «Қазақстан теміржолшысы» газетінде жұмыс істеді және осыдан 10 күндей бұрын Нұр.кз сайтына жұмысын ауыстырған болатын.

Қайтыс болған журналистің ата-анасы – зейнеткер және артында 4 баласы қалған. Елена Нефедова оның ата-анасы көмек қолын созуға шақырды.

Бұрынғы ұжымы оның туыстарына материалдық көмек көрсете алмайды. Себебі ол ресми түрде басқа басылымда жұмыс істеп жатыр (жатқан болатын). Достары қолда не бар, соны жинап берді. Иринаның артында 4 баласы қалды. Олардың біреуі – мүмкіндігі шектеулі бала, күйеуі жоқ. Ал ата-анасы – зейнеткерлер. Не істерін білмей отыр. Үлкен өтініш: түсіністік танытып, Иринаның анасының картасына ақша аударайық. Қарттарға бұл ақша қызын жерлеу үшін ғана емес, балаларының тәрбиесіне де керек болады. Ең кіші егізі 5 жаста», - деп жазылған постта.

Елорда ІІД баспасөз хатшысы София Қылышбекованың айтуынша, қазір қылмысқа 34 жастағы азамат күдікті болып отыр.

«Астана полициясы 37 жастағы жергілікті тұрғынның өліміне себеп болатындай қасақана ауыр жарақаттаған 34 жастағы күдіктіні анықтады. Оны ұстауға қатысты шаралар қабылданды. Тиісті сараптамаларда жасалып жатыр. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», - деп хабарлады ІІД.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер