Астанада көлік өртенді - Оқиға|06 Қыркүйек 2018, 09:34
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Астанада көлік өртенді

Фото: ҚР ІІМ ТЖК

5 қыркүйек күні түнде Астанада көлік өртенді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ҚР ІІМ ТЖК-ға сілтеме жасап.

«Сағат 22:42-де Байқоңыр ауданындағы жерасты өткелінен шығар жерде Datsun маркалы көліктің салоны мен қозғалтқыш бөлігі жанып кетті. Өрт сағат 22:58-де ауыздықталып, сөндірілді», - делінген хабарламада.

Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Өртті ауыздықтау үшін Астана қалалық өрт сөндіру қызметі жеке құрамынан 11 адам мен 2 техникалық бірлік келді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер