Астанада жүргізуші мен кондуктор естен танған қыздың өмірін сақтап қалды - Оқиға|06 Қыркүйек 2018, 17:48
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Астанада жүргізуші мен кондуктор естен танған қыздың өмірін сақтап қалды

Астанада №71 бағыттағы қалалық автобустың жүргізушісі мен кондукторы 18 жастағы қыздың өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«71 автобустың жүргізушісі мен кондукторына алғыс білдіремін. Олар менің көзімше 18 жастағы қыздың өмірін сақтап қалды. С.Ж. Асанбаев пен оның көмекшісі Н. А. Төлегеновтың арқасында Н. есімді қыз тірі қалды», -деп жазды Facebook қолданушысы Ләззат Әділханова.

Жолаушының айтуынша, автобуста кетіп бара жатқан қыз өзін жайсыз сезініп, есінен айрылып қалған.

«Еуразия» аялдамасына жеткенде оның көзі жұмыла бастады. Оны автобустан көтеріп алып шығып, алғашқы көмек көрсетті. Тездетіп жедел жәрдем де шақырылды. Автопарк қызметкерлері мен өзге жолаушылардың арқасында қыз ақырындап өзіне келді», -дейді Л. Әділханова.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
Пікірлер