BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Астанада 82 жастағы кейуананы тонады деген күдіктілер ұсталды

Астана, BAQ.KZ. Зейнеткерді тонады деген күдікпен 33 жастағы ер адам мен 19 жастағы бойжеткен ұсталды. Бұл туралы Астана қаласы ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

"Қаскөйлер қылмысты күндізгі уақытта елордалық банк филиалының бірінің қасында жасаған. Олар зейнетақы алатын күні зейнеткерлердің қатарынан құрбандарды таңдаған. Бойжеткен банк ғимаратында болған кезде шотынан ақша алып, пальтосының қалтасына салып жатқан егде жастағы әйелді байқаған. Бойжеткен өзінің құрбанының соңынан жүрген. Үйлердің ауласында өзінің сыбайласымен әжейдің 170 000 теңге сомасында ақшасын ашық түрде тонаған" - делінген хабарламада.

Жасалған қылмыс туралы хабарлама алған кезде полицейлер бейнебақылау камерасы бойынша күдікті мен оның сыбайласын анықтаған.

Қазіргі уақытта ұсталғандар Астана қаласы ПД Уақытша ұстау изоляторына орналастырылған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ күдіктілердің осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Осындай адамдардың заңсыз әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарды Бейбітшілік көшесі 19 мекенжайында орналасқан Астана қаласы ПД жүгінулерін немесе 8 (7172) 71-61-51; 8-702-999-64-24 телефондарына немесе 102 нөміріне хабарласуларын сұраймыз.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер