Астанада 15-қабаттан секіріп кеткен қызға қан керек - Оқиға|04 Мамыр 2017, 22:20
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Астанада 15-қабаттан секіріп кеткен қызға қан керек

Фото: әлеуметтік желіден алынды

Бүгін Астананың сол жағалауында тұрғын үйдің 15-ші қабатынан секіріп кеткен Людмила Спирина есін жиды. Бұл туралы Baq.kz тілшісіне отбасының жақын досы хабарлады. Қазір туысқандары қызға қан керек екенін айтып, көмек сұрап жатыр.

«Людмила есін жиды. Басқа ештеңе айта алмаймыз. Көп қан жоғалтты, сондықтан оған қан керек. Көмектесулеріңізді сұраймыз», - дейді қыздың отбасының жақын досы.

Естеріңізге салып өтсек, бүгін Мәңгілік ел мен Сарайшық көшелерінің қиылысындағы тұрғын үйден 2000 жылғы қыз секіріп кетті. Әзірге бойжеткеннің 15-ші қабатан неге секіргені белгісіз. Істің мән-жайы анықталып жатыр.

Қазір Людмила Астанадағы Травматология ҒЗИ-де жатыр. Оған қан керек. Қан тапсырамын деушілер Қан орталығына барып тапсыруларына болады.

Қосымша сұрақтар бойынша мына телефон нөміріне хабарласуға болады: 8701 818 15 99


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер