Астанада құрылыс крандары құлап, екі адам мерт болды - Оқиға|31 Шілде 2012, 19:41
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Астанада құрылыс крандары құлап, екі адам мерт болды

Астанада аяқ асты көтерілген дауыл салдарынан 3 құрылыс краны құлап, нәтижесінде 3 адам жараланып, 2 адам көз жұмды. Бұл туралы BNews.kz тілшісіне Астана ТЖД баспасөз қызметінің бас маманы Бибігүл Есмағанбетова мәлім етті.

«Қазіргі уақытта 3 төтенше жағдай тіркеліп отыр, атап айтқанда Абылайхан даңғылы 6/4 мекен жайы бойынша мұнаралы кран ЕҰУ жанында жүріп жатқан құрылыс алаңында тұрғын үйге құлау салдарынан үйдің 10 кіреберісі зардап шеккен, оған қоса Пушкин к-сі 55-А мекен жайында «Мотив НС» ЖШС аумағында тағы бір кран құлады, өндірістік аймақта. Сондай-ақ Заречный кентінде де бір кран құлады», - деді Есмағанбетова.

«Осы төтенше оқиғалардың салдарынан 3 адам жараланып, 2 адам көз жұмды. Астана қаласы ТЖ департаментінің қызметкерлері қазіргі уақытта апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр», - деп қосты ол.

Естеріңізге сала кетейік, бұл бүгінгі ауа райының тосын мінезінен зардап шеккен жалғыз ғана нысан емес. Нөсер жауын кезінде күшті жел ҚР ІІМ мемқызметкерлері тұрып жатқан үйдіңшатырын ұшып әкеткен

BNews.kz тілшісі оқиға орнынан хабарлағандай, Абылайхан даңғылы бойында жарық өшіп, қатты дауылдан бірнеше ағаштар құлап, аялдамалар орындарынан жылжып кеткен. Травматология ҰЗИ ауданындағы "Аққу" балабақшасы да табиғаттың тосын мінезінен шатырсыз қалып отыр. Соған қарамастан, мектепке дейінгі мекеменің меңгерушісі "бізде бәрі жақсы" деген түсініктеме берді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер