Астанада қалталы қыз-келіншектерді қармағына ілген «күйеу жігіт» ұсталды - Оқиға|04 Қыркүйек 2012, 12:26
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Астанада қалталы қыз-келіншектерді қармағына ілген «күйеу жігіт» ұсталды

Астана. 4-қыркүйек. BAQ.KZ. Астанада қыздарға үйленемін деп уәде беріп, соңында сан соқтырып кететін 27 жастағы алаяқ жігіт ұсталды. Бұл туралы  Астана қаласы ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Алаяқ жігіт қулыққа басып, көшедегі қалталы қыздарды құрығына түсіреді екен. Сеніміне әбден кіріп, махаббатқа мас қылады. Кәззап жігіт мұнысымен тоқталмай, үйленуге ұсыныс жасайды-мыс. Қалғаны айтпаса да түсінікті...
«Ол әлдебір қыздың сеніміне кірген соң, ата-анасымен танысып, барлық байлығы мен ақшасын жымқырып жүрген. Бірақ, оның қулығы ұзаққа созылмай, әлгі қыздың Lexus маркалы көлігімен ізін суытпақ болған жерінде қолға түсіпті.
Ол тағы бір құрбанына «айым-күнім» деп жүріп, 12 млн. теңге ақшасын ұрлап алған», - дейді қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі.
Осыған байланысты, аталмыш алаяқтың үстінен іс қозғалып, ұрлық жасады деген айыппен тергеуге алып жатыр.


 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер