Астанада ІІМ қызметкерлері үйінің шатырын жел ұшырып әкетті - Оқиға|31 Шілде 2012, 18:15
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Астанада ІІМ қызметкерлері үйінің шатырын жел ұшырып әкетті

 Астанада ҚР Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері тұратын тұрғын үйдің шатырын дауылды жел ұшырып әкетті.

  Тараз көшесі, 6 мекенжайы бойынша орналасқан көпқабатты тұрғын үй дауылды желдің салдарынан шатырсыз қалды. Үй ҚР ІІМ балансында, онда министрліктің мемлекеттік қызметкерлері тұрады.
   Ғимарат 2007 жылы салыныпты, үй тапсырылған кезде шатыры болмаған. Кейінірек министрлік ақша бөліп, шатырын тұрғызған, бірақ сапасы сын көтермейді.
   Зақымданған үйдің жанында жел сондай-ақ ағашты құлатып әкетті. Нөсер жауынның, бұршақ пен желдің салдарынан Астанада бірқатар нысандар бүлініп, жолдарды су басты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер