BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Астана-Алматы бағытындағы ұшақта ресейлік жолаушы бүлік шығарды

Фото: ашық дереккөзден

Алматы, BAQ.KZ. Көлік полицейлері «Астана-Алматы» бағытындағы әуерейске мас күйінде отырған РФ азаматын түсіріп тастады.

Көлік полиция департаментінің мәліметінше, Астана әуежайындағы желілік полиция бөлімшесіне «Эйр-Астана» әуекомпаниясы өкілдерінен «Астана-Алматы» рейсінің бортында құқықбұзушы отырғандығы жөнінде шағым келіп түскен.

«Көлік полицейлері тексеріс жүргізу кезінде 65 жастағы Ресей Федерациясының азаматын анықтаған. Ішімдік ішкен ер адам өзін агрессивті ұстаған, жолсеріктердің ескертпелерін құлағына ілмей, жолаушылардың мазасын алған. Жағдайды анықтау үшін ер адам рейстен түсірілді. Медициналық сараптамаға сәйкес одан орташа дәрежеде алкогольдық мастық анықталды»,-делінген хабарламада.

Құқықбұзушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, 5 АЕМ мөлшерінде (12025 теңге) айыппұл салынған. Жыл басынан бері еліміздің әуе және теміржол көліктерінде Көлік полициясымен 51 317 құқықбұзушы әкімшілік жауапқа тартылыпты. Оның ішінде ішімдік ішіп немесе мас күйінде қоғамдық орында болғандар саны 6135 адамды құраған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 12:54
Софияда Астана көшесі ашылды
29 Желтоқсан 2018, 12:45
Алматы әуежайы 2,5 есе ұлғаяды
29 Желтоқсан 2018, 12:42
Астана. Қысқы этюдтер
Пікірлер