BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 378.14 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 429.42 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.68
Астана:

Астана әуежайы маңынан өрт шықты

Астана қаласындағы әуежай алаңы отқа оранды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақпаратты ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіндегілер растады. Аталған редакция оқырмандары алаңның өртеніп жатқан сәтін видеоға түсіріп алған.

ТЖ комитетінің мәліметінше, қураған шөп пен қамыс өртенген. Қызыл жалынды ауыздықтауға 10 өрт сөндіруші мен екі арнайы техника жұмылдырылды.

«Өрт әлі де сөндіріліп жатыр. Ол адам өміріне қауіп төндірмейді. Алаңның қанша бөлігі өртенгені өлшенетін болады», - делінген баспасөз хабарламасында.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 12:54
Софияда Астана көшесі ашылды
29 Желтоқсан 2018, 12:45
Алматы әуежайы 2,5 есе ұлғаяды
Пікірлер