Астана тұрғыны Жаңа жылда лотереядан 106 млн. теңге ұтып алды - Оқиға|03 Қаңтар 2013, 10:52
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Астана тұрғыны Жаңа жылда лотереядан 106 млн. теңге ұтып алды

Астана. 03 қаңтар. BAQ.KZ. Aстаналық тұрғын Жаңа жылда «Супер Лото 6/35» джекпот лотереясынан 106 млн. теңгеден астам сый ұтып алды. 

2-4-10-23-30-32 комбинациясын дұрыс атаған билет иегері 106 430 977 теңге мөлшерінде ақшалай сыйлық алған.

Естеріңізде болса, осыдан 2 жыл бұрын алматылық тұрғын да «Супер Лото» лотереясынан 155 млн. теңге ұтып алған еді. Ал, астаналық тұрғынның ұтысы одан 1 млн. теңгеге артық. Бұл сый қазақстандық лотерея тарихындағы 2 рекордты ұтыс.

Ірі ақшалай ұтыс ойнатылғанымен, «Супер Лото 6/35» ойынының келесі джекпотының ең аз сомасы - 20 млн. теңгені құрайды. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
30 Желтоқсан 2018, 12:54
Софияда Астана көшесі ашылды
Пікірлер