Астана маңында тікұшақ апатқа ұшырап, 4 адам қаза болды - Оқиға|22 Тамыз 2012, 12:01
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Астана маңында тікұшақ апатқа ұшырап, 4 адам қаза болды

 Астана. 22 тамыз. BAQ.kz - Бүгін Астана қаласы аэродромының маңында өткізілген оқу-жаттығулар барысында Қорғаныс министрлігіне қарасты Ми-17 тікұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды қорғаныс министрлігі.

Тікұшақта болған 4 адамнан тұратын экипаждың барлық мүшелері қаза болды. Қазір апаттың не себепті болғандығын анықтау үшін арнайы ведомствоаралық зерттеу комиссиясы құрылды. Ұшу қауіпсіздігі және мемлекеттік авиация бас басқармасының, Қорғаныс министрлігінің, прокуратураның, ІІМ әскери-тергеу басқармасының өкілдері оқи орнында  жұмыс істеп жатыр.

Тікұшақтың апатқа ұшырау себептері комиссия жұмысы аяқталғаннан кейін белгілі болады.

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 12:54
Софияда Астана көшесі ашылды
29 Желтоқсан 2018, 12:42
Астана. Қысқы этюдтер
Пікірлер