Астана іргесіндегі ірі жол апатына кінәлі жүргізушіге операция қажет - Оқиға|23 Тамыз 2012, 11:50
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Астана іргесіндегі ірі жол апатына кінәлі жүргізушіге операция қажет

Жүк көлігін жүгендей алмай, 16 адамның өмірін қиған жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткені үшін де жауап беретін болады. Астана іргесінде болған жантүршігерлік апатқа кінәлі делінген 34 жастағы азаматқа қатысты 2 бірдей қылмыстық іс қозғалды.

Бұған дейін оған екі немесе одан да көп адамның өліміне себепкер болды деген айып тағылған. Енді апат орнынан қашып кеткені үшін де жазаланбақ. Ол автобусты соққаннан кейін жолшыбай көлікке мініп, кетіп қалған. Содан Астанадағы ауруханалардың біріне барып, жалған фамилиямен дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Алайда оның бұл әрекеті қазір толықтай әшкере болды. Дәрігерлер бірден полицияға  хабарлаған.

Нұрділдә Ораз, ҚР ІІМ ресми өкілі:

Соның арқасында біз ол адамды сол жерде таптық. Қазіргі күні ол кісі қорғауға алынды. Жағдайы орта есепте, тұрақты. Қазіргі күні бауырының жыртылып кетуіне байланысты операция жасалуы мүмкін.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 12:54
Софияда Астана көшесі ашылды
29 Желтоқсан 2018, 12:42
Астана. Қысқы этюдтер
Пікірлер