Арқанкергендегі қырғын үшін айыпталған В.Челах қайтыс болды деген ақпарат пайда болды - Оқиға|23 Тамыз 2012, 12:57
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Арқанкергендегі қырғын үшін айыпталған В.Челах қайтыс болды деген ақпарат пайда болды

АСТАНА. 23 тамыз. BAQ.KZ – «Арқанкерген» трагедиясына басты күдікті ретінде тергеліп жатқан Владислав Челахтың өз өзіне қол жұмсағаны жайлы ақпарат пайда болды. Ақпарат интернеттегі әлеуметтік желілерде таралды.

Guljan.org сайты Челахтың қорғаушылары – Серік Сәрсенов пен Төлеген Берліқожанов қазір Талдықорғандағы тергеу абақтысында екенін, олардың ұялы телефондары сөндірулі екенін жазды.
Ал, күдіктінің атасы Владимир Челах болса бұндай оқиғаның болуы мүмін емес екенін айтқан.
-    Біз онымен жаңа ғана кездескенбіз, оның жағдайы қалыпты болған. Егер ондай ойы болса ол бізге шет жағасын сездірген болар еді. Сондықтан да мен бұның барлығы бос сөз деп ойлаймын. Сондай-ақ, біз Талдықорғанда болғанымызда тергеу абақтысының бастығы олар оның бір тал шашы да түспеуін қалт жібермей қадағалап отырғанын айтты, - деген ол.


Артынша ақпарат құралының өкілдері тергеуші Самат Сырлыбаевқа хабаласқандарын жазады. Ол Владислав Челахтың өзіне қол жұмсап, қайтыс болғаны жөніндегі ақпаратты жоққа шығарған. Адвокаттардың бірі Төлеген Берліқожанов та Челахтың дін аман екенін оның шешесі Светлана Ващенкоға хабарлаған көрінеді.
 

Бұл оқиға мамыр айының соңында Қазақстан шекара бекетінде болған. Естеріңізге салсақ, қазақ-қытай шекарасындағы Арқанкерген бекетінде 15 адам қаза тапқан. Оқиғадан соң 5 күннен кейін табылған шекарашы Владислав Челах қызметтестерін өзі өлтіргені жөнінде түсініктеме берген. Бірақ, кейінірек ол жауабынан жалтарып, бұл қылмысқа еш қатысы жоқ екенін, шекара бекетіне шабуыл жасалып, өзі әрең қашып құтылғанын мәлімдеген. Бұл іс бойынша тергеу-тексеру жұмыстары әлі жүріп жатыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер