Арқанкерген оқиғасын тергеу жұмыстары тағы бір айға созылмақ - Оқиға|27 Тамыз 2012, 15:45
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Арқанкерген оқиғасын тергеу жұмыстары тағы бір айға созылмақ

АСТАНА. 27 тамыз. BAQ.KZ - «Арқанкерген» шекара бекетіндегі шекарашылардың өліміне байланысты тергеу жұмыстары тағы бір айға созылмақ. Бұл туралы Владислав Челахтың қорғаушысы Төлеген Берліқожанов хабарлады.

Оның айтуынша, ҚР бас әскери прокуроры Самат Сырлыбаев тергеу жұмыстарын бір айға созуға өтініш білдірген. Бұл - ҚР Бас әскери прокуратурасы тарапынан осымен екінші мәрте орын алып жатқан жағдай. Бүған дейін шілде айының аяғында да Челахқа қатысты істі бір айға созуға өтііш келіп түскен еді.
Естеріңізде болса, 23-тамыз күні Челахты куәгерлермен бетпе-бет кездестіргенде, өзін кінәлі етіп мойындауға көндірген тергеушінің оған психологиялық қысым көрсеткенін айтқан болатын. Т.Бердіқожаевтың айтуынша, тергеушілер Челахқа қысым көрсеткен адамның орнына басқа біреуді алмастыруды ойластырып отыр.
«Бұл іске араласпаған адам жоқ. Сондықтан В.Челах өзін кінәлі етіп мойындауға қысым көрсеткен адамды атап түстей алмайды. Бірақ, кездестіріп жатса, жазбай танитындығына сенімді.Сол үшін Челахтың алдына жүз кісіні әкеп анықтау мүмкін емес. Осы жағынан көп кедергілер орын алып жатыр», дейді Т.Бердіқожаев.
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
17 Қаңтар 2019, 16:34
Бозарып тағы таң атты
Пікірлер