BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Араб әмірліктеріне заңсыз сұңқар тасушылар Астанада ұсталды

Фото: shekaraknb.kz

Астана қаласының халықаралық әуежайында орналасқан шекара бақылау-өткізу бекетінің шекарашылары араб жеріне 32 сұңқарды заңсыз жолмен әкетуге тырысқандардың жолын кесті, деп хабарлайды BAQ.kz тілшісі.

Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз орталығы мәлімдеді.

Шекара қызметінің хабырлауынша, «Астана - Шаржы» бағытымен ұшқалы тұрған G9-252 рейсіне жүк тиеу жұмыстары жүргізіліп жатқан кезде шекарашылардың назарын қомақты 4 сөмке еріксіз аударды.

"Сырт көзбен қарағанда әлгі сөмкелердің тіркеу «жапсырмаларының» (бирка) жоқ екендігі байқалды. Шекарашылар сөмкелерді ашып, тексеру керектігін талап етті. Ал тексеру кезінде сөмкелерден бір емес бақандай 32 дана сұңқар шыға келгенде тұрғандардың таңданысында шек болмады" - дейді баспасөз қызметкерлері.

Ал, елімізден жат елге жолданған сұңқарлардың қазіргі бағамен орташа құнын есептегенде артық-кемі жоқ 380 000 000 теңгеден асып жығылды. Оның үстіне аталған жыртқыш құстардың әлемде сирек кездесетіндігін де қосып қойыңыз.

Аталған дерек бойынша құқыққорғау органдары хабарландырылып, арнайы жұмыстар жүргізіліп жатыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер