BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Әпкесінің көлігін өртеген ер адам 4 жылға сотталды

Тараз қаласының №2 сотында ҚР ҚК 1,5-пункт, 2-бөлім және 202-бап бойынша айыпталған азаматтың ісі қаралған сот тыңдалымы аяқталды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Тараз қаласы №2 сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2017 жылдың 28 желтоқсанында ішімдікке мас болған ер адам өзінің әпкесімен сөзге келіп қалады. Азамат үйден шығып бара жатып, әпкесінің Hyundai Accent маркалы көлігін өртейтінін айтып қорқытады.

Араға жарты сағат уақыт салып әйел аулада тұрған көлігінің өртеніп жатқанын көреді. Кейін полиция қызметкерлеріне хабарласады.

Тергеу жұмыстары барысында ер адам өзінің кінәсін толықтай мойындады. Әпкесі өз кезегінде бауырының материалдық шығынды толықтай өтегенін айтып, оған бас бостандығынан айырудан өзге жаза тағайындауды сұрады.

«Сот үкімімен ер адам 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Мұнымен қатар, 102 917 мың теңге көлемінде мемлекеттік баж салығы тағайындалды», - делінген сот хабарламасында.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер