BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Апатқа ұшыраған индонезиялық ұшақта қанша жолаушы болғаны белгілі болды

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Теңізге құлаған Lion Air авиакомпаниясына тиесілі Boeing 737 MAX 8 ұшағында 189 жолаушы отырған. Бұл туралы Detik порталы Индонезияның төтенше жағдай қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Джакарта – Панкалпинанг» бағытында ұшып бара жатқан әуе көлігі Ява аралының маңында теңізге құлаған.

«Аман қалған жолаушылар туралы әлі білмейміз. Бірақ біз олар бар шығар деген үміттеміз», - деді төтенше жағдай қызметінің өкілі.

Айта кетейік, осыған дейін Индонезияда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырағанын хабарлағанбыз.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер