Алты күн бұрын жоғалған «Қазселденқорғау» қызметкерлері аман-есен табылды - Оқиға|25 Шілде 2012, 09:43
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Алты күн бұрын жоғалған «Қазселденқорғау» қызметкерлері аман-есен табылды

Алматы облысында алты күн бойы іздеу салынған «Қазселденқорғау» мекемесінің аймақтық пайдалану басқармасының қызметкерлері табылды.

КазТАГ хабарлағандай, 19 шілде күні жоғалған Ғалым Аталықов, Өркен Мұқашев және Ұлан Раджибаевты облыс ТЖД-сының жедел құтқару жасағы Үлкен Үсек өзенінің бойынан тапты. Олар 19 шілде күні базалық лагерьді өз беттерімен тастап, одан бірнеше шақырым қашықтықтағы жерде жүріпті. Анықталғандай, үшеуі де Жаркентке жақын орналасқан Весновка ауылының тұрғындары екен. Оларды Қытаймен шекарадағы жоғары таулы өлкедегі Қапқан құмкөлінен су ағызумен айналысатын бригада құрамына «КриСтрой» ЖШС мердігерлік ұйымы жұмысқа қабылдапты. Жігіттерге жұмыс үшін жасалған жағдай ұнамай, олар ешкімді ескертпестен, жұмыстан кетіп қалуға бел буған.

Айта кетейік, жоғалған жұмысшыларды алты күн бойы іздестіру үшін елуден астам адам мен тікұшақ жұмылдырылды. Қазіргі таңда еңбек тәртібі мен шекаралық аймақтың таулы өлкесінде жүріп-тұрудың ережесін сақтамағаны үшін Аталықовты, Мұқашев пен Раджибаевты жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылып жатыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер