Алматылық әйел екі баланы өрттен құтқарып қалды - Оқиға|08 Қыркүйек 2018, 09:28
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Алматылық әйел екі баланы өрттен құтқарып қалды

Алматыда әйел адам өрт кезінде екі сәбиді аман алып қалды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

6 қыркүйек күні Алматыдағы «Ақсай-4» шағын ауданында 9 қабатты үйдің үшінші қабатындағы пәтерлердің бірінен өрт шықты. Өрт сөндірушілер келгенше көрші әйел бір жарым жасар және 7 жастағы сәбилерді өлімнен аман алып қалды. Абырой болғанда, балалар отырған пәтердің есігі жабық болғанымен құлыпталмаған екен.

Подъезден күйіктің исін сезген Бейбіткүл Ыдырысова бетін үйге киетін халатымен бүркемелеген күйінде, түтін басқан пәтер ішіне кіріп кеткен. Қою түтін көзді ашыта бастағанына қарамастан ол өмірін қатерге тіге отырып, балаларды алып шыққан. Оның үстіне ол бұл пәтердің тұрғындарын жақсы біледі екен, яғни үйде балалардың болуы мүмкіндігін де болжаған. Қара түтіншің ішінде Бейбіткүлдің айқайына 7 жастаға бала жауап берген.

Балаларды тауып алған соң оларды далаға алып шыққан. Артынан өрт сөндірушілерге хабар берген. Кейін мәлім болғанындай, балалардың анасы оларды аз уақытқа тастап мектепке кеткен.

Абырой болғанда, өрттен ешкім зардап шекпеді. Алайда көрші әйелдің жанкештілігі болмағанда, жағдайдың қалайша өрбуі мүмкіндігін ойлаудың өзі қорқынышты.

Алматы қалалық ТЖ департаменті тұрғындардың балаларына мұқият болып, оларды мүмкіндігінше жалғыз қалдырмауға тырысу қажеттігін ескертеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер