Алматыда жоғалған жас ана іздестіріліп жатыр - Оқиға|30 Қазан 2017, 15:07
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Алматыда жоғалған жас ана іздестіріліп жатыр

28 жастағы Ольга Городецкая 4 қазанда жоғалып кетті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі қалалық ІІД-ге сілтеме жасап.

«Алмалы ауданы ІІБ қызметкерлері Алматы криминалды полициясы басқармасының көмегімен О.Городецкаяның мекенжайын анықтауға бағытталған жедел іздестіру шаралар кешенін жүргізіп жатыр», - деді ведомстводан.

Ольга Городецкаяның екі кішкентай қызы бар. Біреуі үш, екіншісі бес жаста.

Еріктілердің айтуынша, 4 қазан күні әйел жұмыстан кейін Mega Park (Мақатаев пен Сейфуллин көшелерінің қиылысында) сауда орталығына кірген. Кейін, бейнебақылау камераларынан оның Байтұрсынов көшесіне қарай кетіп бара жатқаны көрінеді. Осыдан кейін оның қайда кеткені белгісіз.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер