Алматыда тақтай тиеген КамАЗ жанармай құю станциясын талқандап кетті - Оқиға|16 Шілде 2018, 19:45
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Алматыда тақтай тиеген КамАЗ жанармай құю станциясын талқандап кетті

Фото: автордан

Жол көлік оқиғасы Алматыдан Құлжа тас жолының шыға берісінде Жетісу базарының жанында болды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Тақтай тиеген КамАЗ жүк көлігі Құлжа тас жолының бойындағы жанармай құю станциясының бағананына қатты келіп соғылып тоқтаған. Нәтижесінде жүк көлігінің үстіндегі тақтайлар жерге құлаған.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, зардап шеккендер жоқ. Алайда бірнеше жеңіл автокөлік бүлінген.

Видео: автордан


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер