BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 378.9 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 422.74 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.87
Астана:

Алматыда оқушы қыз із-түзсіз жоғалып кетті

Алматы қаласында 9-сыныптың оқушысы Арайлым Жұматаева іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Айнұр Нығыманова есімді Facebook желісінің қолданушысы мәлім етті.

«Алматыда 9-сыныпта оқитын, 15 жастағы қыз жоғалып кетті. Оның аты-жөні – Арайлым Жұматаева. Оның үстінде қара-көк түсті мектеп формасы мен сұр плащ болған. Өзімен бірге ол қоңыр түсті рюкзагын алған», - делінген желіде тараған хабарламада.

Жоғалған қыз туралы ақпарат білетін азаматтар келесі нөмірлерге хабарласа алады: 87026822755, 87759294643, 87021999080.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
20 Мамыр 2019, 20:45
Жұлдызы жанған қыз
Пікірлер