Алматыда көлік алмақшы болған 13 азамат алаяқтық құрбаны болды - Оқиға|27 Сәуір 2018, 12:13
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Алматыда көлік алмақшы болған 13 азамат алаяқтық құрбаны болды

Фото: ашық дереккөзден

Алматыда көлік алмақшы болған 13 азамат алаяқтық құрбаны болып, уәкілетті органға шағым түсірді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Алматы қаласы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек хабарлағандай, полицияға көлік алғым келіп алаяқтық құрбаны болдым деген он үш адамнан шағым түсті. Бүгінде ҚР ҚК 189 бабы 4 бөлімі 2 пункті (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) және ҚР ҚК 190 бабы 4 бөлімі 2 пункті (ірі көлемде алаяқтық жасау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде, күдіктілер тобы анықталуда. Тергеу жұмысының нәтижесі бойынша нақты қанша адам алаяқтық құрбаны болғаны белгілі болады, себебі тергеу барысында тағы да адамдар шағымдануы мүмкін. Сонымен қатар, аталмыш қылмыстық іске кімдер қатысты екені анықталады», - деді Салтанат Әзірбек.

Бұл алаяқтық фактісін «Тойота Сити» дилерлік орталығының заңгері де растап отыр.

«Біз компаниямызға қатысты алаяқтық фактісін растаймыз. Барлығы тергеу барысында мәселенің ақ қарасы ажыралытып, барлық фактілер белгілі болады деген ойдамыз, бізде тергеуге жүгініп отырмыз», - деді «Тойота Сити» дилерлік орталығының заңгері Дастан Рахимов.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Toyota көлігін сатып алмақшы болған алматылықтардың алданып қалғанын хабарлаған болатынбыз.

Ақылбек Мұхаметченовтың айтуынша, ол Toyota Land Cruiser көлігін сатып алу үшін алдын ала 22 млн теңге төлем төлеген.

«Мен автосалонға досыммен бардым. Бізді менеджер қабылдап, келісім жасадық, сосын ол бізге төлем жасау үшін есепшот берді, алайда кассалық аппарат істемей қалды деп түсіндірді. Мен оған сендім, себебі бұл базар емес, салмақты мекеме деп ойладым. Мен 22 млн теңге көлемінде алдын ала төлем жасадым, тоғыз күннен кейін қоймаға көлігім келгенде келесіз тағы сегіз миллион теңге төлейсіз, сосын көлігіңізді алып кетесіз деді. Тоғыз күннен кейін келдім, не көлік, не ақшам, не менеджер жоқ», - деді ол.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер