BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Алматыда екі қабатты ғимарат өртке оранды

Фото: интернеттен

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда Төле би мен Қонаев көшелерінің қиылысындағы екі қабатты ғимараттан өрт шықты. Бұл туралы СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасы хабарлады.

Тілсіз жау шамамен 250 шаршы метрге жайылған. Зардап шеккендер жоқ. Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Салтанат Баймұхамбетованың айтуынша, Төле би, 42 мекенжайында екі қабатты ғимараттың өртенуі туралы хабарлама 26 қазан күні сағат 22:44-де келген. Қазіргі таңда ғимаратта жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер