Алматыдағы «Барахолка» базары ауданында өрт шықты - Оқиға|01 Қараша 2018, 14:58
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Алматыдағы «Барахолка» базары ауданында өрт шықты

Фото: zakon.kz

Астана, BAQ.KZ. Алматыда «Барахолка» базары ауданында өрт шықты, деп хабарлайды қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Сағат 13: 41-де Алматы қаласы ТЖД 101 пультіне Жетісу ауданындағы Москвин көшесінде қойма бөлмесінен өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Алғашқы өрт сөндірушілер шақырту орнына 5 минуттан, сағат 13: 46-да келді. Қазіргі таңда өртті ауыздықтау шаралары жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Өртті сөндіруге Алматы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің жеке құрамынан 57 адам және 16 техника жұмылдырылған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер