Алматыда тағы да құқық қорғаушыларға шабуыл жасалып, бір полицей қаза тапты - Оқиға|28 Шілде 2012, 14:08
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Алматыда тағы да құқық қорғаушыларға шабуыл жасалып, бір полицей қаза тапты

АСТАНА. 28 шілде. BAQ.KZ - Бүгін Алматы қаласында белгісіз біреулер полиция қызметкерлеріне шабуыл жасап, бір қызметкерді өлтіріп, біреуін жаралап кетті. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

 

"Бүгін, 2012 жылдың 28 шілдесінде 9 сағат 20 минут шамасында Алматы қаласының Бекмаханов көшесінде белгісіз тұлғалар қаланың осы ауданында қызмет атқарып жүрген полиция қызметкерлеріне қарулы шабуыл жасады. Нәтижесінде бір полиция қызметкері сол жерде қайтыс болды және тағы біреуі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді" деп хабарлады прокуратураның баспасөз қызметі BAQ.KZ тілшісіне.

Бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің 96 бабы бойынша (кісі өлтіру) қылмыстық іс қозғалып, жедел-тергеу тобы құрылды.

Алдын ала деректер бойынша, қылмыскерлер полицейлердің табельдік қаруларын алып кеткен.

"Оқиға болған жерді қарау және басқа да күттірмейтін тергеу әрекеттері, сондай-ақ қылмыскерлерді анықтауға және ұстауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде" дейді дерек көзі.

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
17 Қаңтар 2019, 16:34
Бозарып тағы таң атты
Пікірлер