Алматыда шабуылға ұшыраған полицейлердің есімдері жария етілді - Оқиға|28 Шілде 2012, 19:18
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Алматыда шабуылға ұшыраған полицейлердің есімдері жария етілді

АСТАНА. 28 шілде. Алматы ІІД полиция қызметкерлеріне жасалған шабуыл туралы қандай да бір ақпарат білетін азаматтардан полицияға хабарласуды сұрайды. Естеріңізге сала кетейік, бүгін таңертең Түрксіб ауданында қызметтерін атқарып жүрген «Боран-170» патрульдік экипажына қарулы шабыл жасалды.   

«Полиция қызметкерлері Бекмаханов көшесінде жолдың жиегінде тұрған күдікті көлікті көреді. Олар көліктің жүргізушісі мен жолаушыларының құжаттарын тексермек болып, жақындай бергенде, көлік ішінен оқ атылды. Патрульдердің бірі - полиция аға лейтенанты Ержан Қайрақбаев басына оқ тиіп, оқиға орнында қаза болды. Оның әріптесі - полиция лейтенанты Ерназ Қожахметов ауыр жарақатпен қала ауруханаларының біріне жеткізілді» - дейді ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Қазіргі уақытта қалада «Ұстау» арнайы операциясы жүруде. Шабуылды жасады деген күдікпен күміс түстес «Хюндай» автокөлігін мінген үш жігіт іздестірілуде.

Алматы қаласының ІІД осы оқиға бойынша қандай да бір ақпараты бар кез келген азаматтың мына телефондарға хабарласуын өтінеді: 254-40-18; 298-50-37 немесе «102. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер