Алматыда «Қазвторчерметтің» бухгалтериясы тоналды - Оқиға|26 Шілде 2012, 18:03
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Алматыда «Қазвторчерметтің» бухгалтериясы тоналды

Алматыда қаруланған қылмыскерлер «Қазвторчерметтің» бір филиалынан 1,5 миллион теңге ұрлап кеткен. 

ҚазТАГ хабарлағандай, оқиға жұмыс күнінің соңына қарай орын алған. Қылмыстық топ тапаншамен кіріп, бас есепшіні байлап тастаған. Олар әйелдің қолынан ақша сақталған сейфтің кілтін тартып алып, ондағы 1,5 миллион теңгені алып кеткен. 41 жастағы бас есепші 10 минут өткен соң ғана көмекші шақырған. Бұл уақытта қылмыскерлер қашып үлгерген. Анықталмаған мәлімет бойынша, қылмыс жасағандар – 4 не одан да көп адам. Ұрыларды ізін суытпай ұстау мүмкін болмады.
Айта кетейік, құқық қорғау орындарындағылар қарулы шабуыл алдын-ала ойластырылған және нысанаға әдейі осын орын алынған деп отыр. Аталған іс бойынша қылмыстық іс көтерілді. 

 Еуразия бірінші арнасы


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер