Алматыда әскери соғыс техникалары сатыла бастады - Оқиға|09 Қаңтар 2013, 15:21
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Алматыда әскери соғыс техникалары сатыла бастады

Астана. 9 қаңтар. Baq.kz-Алматының маңында орналасқан әскери қоймадан әскери соғыс техникасын хабарландыру арқылы сатып алуға болады. 200 бірліктен астам әскери көліктердің қатарында тартымдылығы орасан жүк көліктері мен БББМ (брондалған барлау-бақылау машинасы) да бар, деп жазады ҚазТАГ «Колеса» газетіне берілген хабарламаларға сүйене отырып.


«Біз күрделі жөндеуден өткен әскери техниканы саудаға шығардық. Оның ішінде БББМ-да бар. ГАЗ-66 әскери жүк машинасы орташа есеппен 12-14 мың доллар тұрады. БББМ құны жарақтандырылуына байланысты. Негізі олар да 14-15 мың доллардың айналасында болады», депті телефон арқылы әскери техниканы саудалаушы.
Газеттегі тізім бойынша қазіргі күні саудаға шығарылған әскери көліктердің қатарында ГАЗ-66, КамАЗ-4310, ЗИЛ-131, Урал-4320, Урал-375 – барлығы 200 бірліктен астам техника бар.
Әскери мамандардың айтуынша, БББМ қорғаныш қаптамасы аса қалың емес, дегенмен біздің арнайы жасақты қолында бар ешқандай қару оғы оны тесіп өте алмайтын көрінеді.
Машинаны жоғары жылдамдығы мен маневрлығының арқасында оған гранатаметпен атып тигізу де оңай шаруа емес екен. Сондай-ақ, ол жолсыз, саз-батпақты жерлермен жүруге, ауа райының қолайсыз кезінде сапарға шығуға таптырмайтын көлік.

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер