Алматы облысында әйелдерді тонаумен айналысқан ер адам қолға түсті - Оқиға|27 Тамыз 2018, 16:55
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Алматы облысында әйелдерді тонаумен айналысқан ер адам қолға түсті

Алматы облысында демалыс күндері әйел адамдарды тонаған және қарақшылық жасаған 25 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Күдіктіні Талғар ауданының полициясы ұстады. Оның үстінен шілде-тамыз айларында қарақшылық және тонау фактілері бойынша үш арыз тіркелген болатын. Барлық жағдайда жас әйелдер өз өтініштерінде өзара ұқсас адамды сипаттаған. Ер адам өз құрбандарын қорқытып, олардың ақшаларын, ұялы телефондарын, планшеттерін алып кеткен.

«Бір фактіден өзге, әйелдерді тонау деректерінің барлығы Талғар аумағында болған. 24 тамызда күдіктінің 22 жастағы қызға пышақпен тап беру фактісі бойынша Талғар полицейлері оның ізіне түсіп, қолға түсірді. Күдікті 1993 жылы туған көрші Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны болып шықты»,- деп хабарлайды Алматы облысы ІІД Баспасөз қызметі.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Қазақстандық қылмыс заңнамасының 191 «Тонау» және 192 «Қарақшылық» баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасуда.

Естеріңізде болса, бұған дейін тек қана әйелдерді алдаумен айналысып келген алаяқтың ұсталғаны туралы жазған болатынбыз.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
29 Желтоқсан 2018, 12:45
Алматы әуежайы 2,5 есе ұлғаяды
Пікірлер