Алматы облысында 72 жастағы зейнеткерге қарақшылық шабуыл жасағандар ұсталды - Оқиға|10 Қыркүйек 2018, 21:25
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Алматы облысында 72 жастағы зейнеткерге қарақшылық шабуыл жасағандар ұсталды

Алматы облысында із-түссіз жоғалған зейнеткерге қарақшылық шабуыл жасалғаны анықталды. Қылмысқа қатысы бар азаматтар табылып, қамауға алынған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Бұл дерек Қарасай ауданында тіркелді. 2 қыркүйек күні жергілікті полицияға 72 жастағы Іргелі ауылының тұрғынын іздеуге ықпал ету туралы өтініш түседі. Жоғалған азамат кейінірек Алматы ауруханаларының бірінен табылды. Оны жедел жәрдем қызметі жеткізіпті. Анықталғанындай, біреулер зейнеткерді соққыға жыққан, содан ол қазір ауыр халде жатыр.

«Егде тартқан ер адам ірі базарлардың маңында жоғалғаны белгілі болды. Оның қалтасындағы қаржы мен ұялы телефоны ұрланған. Жедел-іздестіру шаралары барысында зардап шегушінің жүруі ықтимал бағыты жасалып, сол маңдағы бейнекамералар толық қаралды. Жұмыс нәтижесінде Қарасай АІІБ қызметкерлері зейнеткерді соққыға жығуы мүмкін деген күдікпен 1974 және 1992 жылғы жергілікті екі тұрғынды ұстады. Олар қамаққа алынды»,- деп хабарлайды Алматы облысы ІІД Баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшылары ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабының 2-тармағы «Қарақшылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Қарақшылар соққыға жыққан зейнеткер әлі күнге медицина қызметкерлерінің бақылауында.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
29 Желтоқсан 2018, 12:45
Алматы әуежайы 2,5 есе ұлғаяды
Пікірлер