Алматы облысы тұрғынынан 19 келі марихуана тәркіленді - Оқиға|10 Қыркүйек 2018, 20:07
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Алматы облысы тұрғынынан 19 келі марихуана тәркіленді

Тәртіп сақшалары «Кендір-2018» іс-шарасы аясында құрамында есірткі бар өсімдіктерді баптап-күтуге қатысты рейд шараларын тұрақты ұйымдастырып келеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Демалыс күндері Іле және Көксу аудандарының аумағында полицейлер марихуананы заңсыз өсірудің екі фактісін анықтап, 120 түптен астам аталған өсімдікті тәркіледі.

«Іле ауданының Жетіген ауылының 54 жастағы тұрғыны өз ауласында марихуана өсірумен айналысқан. Одан шамамен 19 килограмм марихуана тәркіленді. Ал, Көксу ауданында 28 жастағы тұрғыннан 17 түп аталған өсімдік пен 2,5 кило кептірілген «өнім» тәркіленді»,- деп хабарлайды облыстық полицияның Баспасөз қызметі.

Құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіруге және есірткі заттарын заңсыз сақтағаны үшін қылмыстық тергеу жүргізіліп, тиісті сараптама тағайындалды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
29 Желтоқсан 2018, 12:45
Алматы әуежайы 2,5 есе ұлғаяды
Пікірлер