Астана, BAQ.KZ. Алматы халықаралық әуежайында жалған құжатпен шекарадан өтпек болған Түркия азаматтары ұсталды.
Астана, BAQ.KZ. Алматы халықаралық әуежайында жалған құжатпен шекарадан өтпек болған Түркия азаматтары ұсталды.
«3 қараша күні таңғы сағат 05.00-те шекарашылар «Алматы» халықаралық әуежайының ұшып келу залында «Дубай-Алматы» бағытындағы FZ-735 рейсін рәсімдеу барысында мемлекеттік шекарадан өтпек болған Түркия Республикасының үш азаматын анықтады. Олар құжат тексеру бөліміне Израиль азаматтарының паспорттарын ұсынған. Құжаттарды тексеру барысында олардың жалған екені анықталды», - деп хабарлады ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі.
Шекара қызметінің мәліметінше, Түркия азаматтары шекарадан өткізілген жоқ. Қазір аталған факт бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!