Алматы облысындағы жарылысқа қатысты «Лаңкестік» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды - Оқиға|12 Шілде 2012, 17:31
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Алматы облысындағы жарылысқа қатысты «Лаңкестік» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды

ТАЛДЫҚОРҒАН. 12 шілде. Бүгін Алматы облысының прокуратурасы Қарасай ауданының Тау Самал кентінде шілденің 10-ынан 11-іне қараған түні Сейфуллин көшесі бойында орналасқан 98-үйде жарылыстың болуына байланысты ҚР ҚК-нің екі бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Облыстық прокуратурадан хабарлағандай, қылмыстық іс 233-2 бабының «б» тармағы - «Лаңкестік» және 24 бабының 1 бөлімінде қарастырылған «Қылмыс жасауға дайындық немесе оған оқталу» бойынша қозғалды.

Естеріңізге сала кетейік, төтенше жағдайдың салдарынан оқиға орнында 7 адамның, оның ішінде 2 баланың өртеніп кеткен мәйіттері табылды. Өртеніп кеткен құрбандардың жеке тұлғасын сараптама анықтайды.

Алматы облысының прокуратурасынан хабарланғандай, оқиға орнында жедел-тексеру тобы жұмыс істеуде. Полиция және өртке қарсы қызметтің қызметкерлері бірлесе отырып жарылыстың себеп-салдарын анықтау үстінде. Жалын шарпыған аумақ 100 шаршы метрді құрады. Өртеніп кеткен баспана мансарды бар қаңқалы-қамыстан жасалған үй болатын. Ол әп-сәтте отқа оранды.

Белгісіз заттың жарылуы өрттің шығу себебі болуы мүмкін деген болжам жасалып отыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
29 Желтоқсан 2018, 12:45
Алматы әуежайы 2,5 есе ұлғаяды
Пікірлер