Алматы облысында жаңа жылдың бірінші күнінде 40 адам қар құрсауынан шығарылды - Оқиға|02 Қаңтар 2013, 12:01
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Алматы облысында жаңа жылдың бірінші күнінде 40 адам қар құрсауынан шығарылды

Астана. 2 қаңтар. BAQ.kz Алматы облысында жаңа жылдың бірінші күнінде 40 адам қар құрсауынан шығарылды. Бұл жөнінде ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.  

Осылайша, 1 қаңтар күні Еңбекшіқазақ ауданында сағат 12:20-да «Шелек–Ақтоған» тас жолында 5 даа техника мен 17 адам қар құрсауында қалып қойды. Өрт сөндіру қызметінің күштері – 3 адам мен 1 дана техниканың жұмылдырылуымен жолдың тазартылған бөлігіне шығарылды. Зардап шеккендер жоқ.

1 қаңтар күні Ескелді ауданында сағат 16:10-да «Талдықорған–Қапал» автожолының 40-55 шақырымында Абай ауылының жанында 5 жеңіл көлік пен 23 адам қар құрсауында қалып қойды. 3 адам мен 1 дана техника – өрт сөндіру қызметінің күштерімен көліктер жолдың тазартылған бөлігіне шығарылып, Қапал ауылына бағытталған өз қозғалысын жалғастырды. Зардап шеккендер жоқ.  


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер