Ақтөбеде полиция бастығы мас күйінде көлік жүргізіп апатқа ұшырады - Оқиға|07 Қыркүйек 2018, 19:16
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Ақтөбеде полиция бастығы мас күйінде көлік жүргізіп апатқа ұшырады

Фото: campoverdenews.net.br

Мас күйінде көлік жүргізген полиция подполковнигі қызметіне сот арқылы қайта орналаспақшы болған, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі diapazon.kz порталына сілтеме жасап.

Оқиға осы жылдың ақпан айында болған. Жергілікті полиция бөлімінің басшысы, подполковник Ырысбек Ермағанбетов мас күйінде көлік жүргізіп, жол-көлік апатына ұшыраған.

Әкімшілік сот тәртіп сақшысын 5 жыл көлік жүргізу құқығынан айырған.

Жергілікті ІІД басшылығы Ырысбек Ермағанбетовтың әрекетін қызметтік тәптіпті өрескел бұзушылық деп қабылдап, оны қызметінен босатқан.

Полиция басшысы соттың шешімімен келіспей, қызметіне қайта оралмақшы болған. Ол қызметінен босатылған сәтте оның жетістіктері ескерілмеген. Ермағанбетов қызметінен босату туралы шешім ол денсаулығына байланысты жұмыста болмағанда шығарылған.

Сонымен қатар жол апаты болған кезде оның полиция қызметкері екенін ешкім білмеген. Оқиға жұмыс уақытынан тыс кезде болған.

Осыдан бірнеше күн бұрын сот бұрынғы полиция қызметкерінің жұмысқа қайта алу туралы талабын қайта қараған. Нәтижесінде сот бұрынғы тәртіп сақшысы заң бойынша жұмыстан шығарылғанын анықтап, оның талабын қанағаттандырудан бас тартқан.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер