Ақтөбеде перзентханадан шыққан әйел сәбиін қоқыс жәшігіне лақтырып тастаған - Оқиға|27 Тамыз 2012, 15:16
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Ақтөбеде перзентханадан шыққан әйел сәбиін қоқыс жәшігіне лақтырып тастаған

Кеше Ақтөбеде жергілікті тұрғын үйлердің бірінің ауласындағы қоқыс салатын контейнерден тірі сәбиді көріп, бірден полицияға хабар берген.

1tv.kz тілшісі хабарлағандай, оқиға орнына тез арада «Жедел жәрдем» жетті. Жаңа туған қыз баланың дүниеге келгеніне 2-ақ күн болған екен. Дәрігерлер оның жағдайын қанағаттанарлық деп бағалады. Полиция көкек-ананы бірден тапты. Ол 23 жастағы Ақтөбе тұрғыны болып шықты. Анықталғандай, 24 тамызда әйел босанып, содан соң баласынан құтылудың жолын ойластырыпты. Ауруханадан шығып, үйіне қайтар жолда ол қызын қапшыққа салып, қоқыс жәшігіне тастап кетеді. Аталмыш жайт бойынша ҚР ҚК-нің 119-шы «Қауiптi жағдайда қалдыру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, баласын тастаған ана 100 АЕК-ке (1 АЕК 1618 теңгеге тең) дейін айыппұл төлеп, қоғамдық жұмыстарға тартылуы мүмкін немесе бір жылға дейін бас бостандығынан айырылуы да ықтимал.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер