Ақтөбеде бір жасар бала тоғызыншы қабаттан құлап, аман қалды - Оқиға|13 Шілде 2012, 23:58
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Ақтөбеде бір жасар бала тоғызыншы қабаттан құлап, аман қалды

Ақтөбе қаласында бір жастағы балаға әжесі ие бола алмай қалып, терезеден құлатып алды. Тоғызыншы қабаттан құлаған сәби, абырой болғанда, аман қалған.

1tv.kz тілшісіне берген сұхбатында травматолог-ортопед дәрігер Марсель Фаруздников баланың бүгін таңертең желке тұсы зақымдалып, ауыз қуысы жарақаттанып, ауруханаға жеткізілгенін айтты. Қазір сәби жансақтау бөлімінде екен. Бүлдіршіннің ішкі ағзаларына зақым келмеген. Көрер жарығы бар бөбек жерге емес, екінші қабатта тұратын көршісінің құрылыс ағаштарының үстіне құлайды.

Дәрігерлердің айтуынша, қазіргі кезде сәбилердің жарақат алуы жиілеп кеткен. Соңғы бір тәуліктің ішінде ауруханаға он шақты сәби келіп түскен.  Мұндай жағдайлар, көбінесе, ересек адамдардың немқұрайлылығы салдарынан орын алып жататын көрінеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер