BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 377.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.21 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.91
Астана:

Ақтөбе облысында жүк көлігінен ер адамның мәйіті табылды

Фото: all-auto.org

Ақтөбе облысындағы тасжол бойынан оқ тию салдарынан қайтыс болған ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«19 сәуір күні Ақтөбе-Орынбор бағытындағы жолдың 35 шақырымдық жерінде «КамАЗ» көлігінің ішінен 1966 жылы туған жүргізушінің денесі табылды. Оның денесінде оқ ату салдарынан көз жұмғанын білдіретін белгілер болған», - делінген облыстық ІІД баспасөз хабарламасында.

Бұл жағдайға қатысты ҚР ҚК-ның 99-бабы 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Тергеу амалдарына кедергі келтірмеу мақсатында басқа ақпарат жарияланған жоқ.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер