Ақтөбе облысында қоқыс арасынан жаппай қырып-жоятын қару табылды - Оқиға|22 Тамыз 2012, 15:35
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Ақтөбе облысында қоқыс арасынан жаппай қырып-жоятын қару табылды

Ақтөбе облысының Ерназар ауылынан төрт шақырым жердегі өзінің таныс бақташысына бармақ болған әскери қызметкер даладан снарядқа ұқсас металл капсуланы тапты. Оқ-дәрі темір-терсек төгілген далада жатыр екен.

1tv.kz сайтының тілшісі хабарлағандай, табылған зат расында да 85 миллиметрлік снаряд және танкі зеңбірегіне қарсы қолданылатын жарылғыш құрал болып шығады. Оның жанынан тағы бір жарылғыш құрал табылады. Табылған оқ-дәрі жаппай қырып жоятын құрал саналады: ол брондалған техниканы, тікұшақтарды, ғимараттарды жарып жіберуі мүмкін. Абырой болғанда, жарылысқа жол берілмей, ешкім зардап шеккен жоқ.

Айта кетейік, қауіпті снарядтың темір-терсек үйіндісінің арасында қалай пайда болғанын полиция анықтайды. Алға аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері оқиға орны мен жақын аймақты тәулік бойы күзетуде. Жақын уақытта оқ-дәрі жойылады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер